Abstract:
Мақалада монотерпендер туралы жалпы мәлiметтер, олардың құрылысының
ерекшелiктерi, «құрылыс-биологиялық белсендiлiк» байланысы қарастырылды.
Монотерпендер; және 1,2,3-триазол, 1,2,3-триазол, линалоол, терпинеол-4, 1,8-цинеол, 3-амино1,2-диол, 1,2,4-оксадиозол, 1,3,4-оксадиазол, пинан, каран. Терпендер реакциялық қабiлетi
және дәрiлiк қасиеттерi жоғары қосылыстар болғандықтан оларды биологиялық белсендiлiгiне
байланысты дәрiлiк химияның iргетасы ретiнде қарастыруға болады. Монотерпендер және
олардың туындылары жаңа биологиялық белсендi қосылыстарды, соның iшiнде дәрiлiк
зат ретiнде қолданысқа ие бола алатын заттарды iздестiруде маңызды рөл атқаратындығы
Қазақстандық және шетелдiк ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан, мақалаларынан айқын
көрiнедi. Қазiргi таңда монотерпендерге негiзделген синтездер арқылы анальгетикалық,
антибактериялық (линалоол, терпинеол-4, 1,8-цинеол), антиконвульсанттық, қабынуға
(тимол, карвакрол, n-циен және γ -терпин), вирусқа («Биалм» сығынды жақпа майы),
депрессияға, қатерлi iсiкке (1,2,3-триазол, 1,2,4-оксадиазол, 1,3,4-оксадиазол, имино-1,3-
оксазин) қарсы дәрiлiк препараттар жасалған. Мақалада кейбiр монотерпендер және олардың
туындыларын зерттеудiң маңыздылығы, олардың биологиялық белсендiлiгi айқындалды.