Abstract:
Мақалада елдің қаржы жүйесін басқарудың маңызды аспектілерінің бірі - Төлем
жүйесіндегі тәуекелдерді басқару талданады. Төлем жүйесінің барлық деңгейлерінде қаржылық
және операциялық тәуекелдерді басқару бойынша іс-қимылдарды бағалау осы үрдістің маңызды
бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялардың дамуы электрондық ақшамен байланысты тәуекелдердің өсуі қаупін тудырып отыр. Бұл ретте электрондық ақша айналысын
және төлемдермен байланысты қаржылық және операциялық тәуекелдерді мемлекет тарапынан қадағалау қажет.