Abstract:
Мақалада ғалым-экономистер тұрғысынан «бюджеттік саясат» ұғымдық
аппараты зерттелді, бюджеттік саясаттың негізгі тұжырымдамалары берілді, бюджеттеу
теориясының тұжырымдамасы логикалық тұрғыда қалыптасып, негізделді, посткеңестік
елдердің бюджет жүйелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Автор жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін және жергілікті өзін-өзі басқарудың тәуелсіз бюджетін орталықсыздандыруды анықтайды; жергілікті бюджет кірістерінің ЖІӨ-ге қатынасын талдау, сондай-ақ
жергілікті бюджет кірістері мен жергілікті бюджет шығыстары ұсынылды. Осы жасалған
зерттеу жұмыстары негізінде сәйкесінше жергілікті бюджеттің өздігінен жұмыс жасау бойынша қорытынды ұсынылды.