Аннотации:
Мақалада ішкі астық нарығының қазіргі жағдайына сипаттама берілген.
Республикадағы негізгі астық өндіруші облыстар мен жалпы облыстар бойынша бидай
өндірісінің динамикасына талдау жасалды. Елден сыртқа жөнелтілетін бидай мөлшері
қарастырылды. Сонымен бірге, республиканың егемендік алған жылдардан бері егіс салу
алқаптары мен бидай өндірісінің қарқынына талдау жасалып, бидай түсімділігі қаралды. Сондай-ақ, соңғы жылдары республика мен облыстары аясында егіс алқаптарының
көлемі, өндірілген жиынтық мөлшері мен өнімділігі сипатталып, көрсетілген. Бидай
экспортының негізгі мемлекеттері мен мөлшерлері айқындалды. Отандық өндірушілер
астығының басым бөлігін сатып алатын елдер анықталды. Оның ішінде, ТМД елдері
мен әлемнің басқа елдерге жөнелтілген астық көлемі мен оның мөлшері келтірілген.
Өткізілетін бидай бағасына ықпал ететін факторлар сипатталды.