Аннотации:
Фаулер-Нордгейм теңдеуіне негізделген нанотриодтың статикалық
сипаттамаларымен қоса (тор және анодтық) модельдеу кезіндегі нәтижелері шығарылған. Анод
пен тордағы кернеудің өзгерісінен олардың өзгеру заңдылықтары анықталды. Нанотриодтың
ұшқырлығы, оның ішкі кедергісі және пайдасы есептелінді. Зерттеу кезінде ұшқырлық мәнінің
бірлігі нА/В екендігі анықталды, және ішкі қарсылық 27 ГОм жетті, ал пайдасы 4 ке тең болды.
Әдеби шолуларға зерттеу жүргізу барысында Ин Пак, Сок-Ги Чон и Чанхван Шин
авторларының «Жаңа Саңылаулы Вакуумдық-Каналды Транзистор» еңбегіндегі көміртекті
нанотүтікшелер қолданылған катодты және ұзындығы ондаған нанометр болатын жаңа
вакуумды-каналды транзистор ұсынылған. Авторлар құрылғының вакуумда ғана емес, ауада да
жұмыс істей алатындығын көрсетті. Геометриялық сипаттамаларына байланысты құрылғы
анодтың жылжуы ысырманың жылжуымен бірдей болған кезде жұмыс істей алатынын,
сондықтан құрылғыны сандық интегралды сұлбаларда құрылғының элемент компоненті ретінде пайдалануға болатынын баяндады. Тәжірбие кезінде құрылғы ауада жұмыс істей алатындығы расталды, өйткені оның арнасының ұзындығы ауаның орташа бос жолына тең болып шықты [1].