Abstract:
Қазіргі таңда, ақпараттық қауіпсіздік саласының өте өзекті болуының
салдарынан, желідегі осалдықтарды тексеру, кұпиясөздердің беріктігін тексеру, сонымен
қатар сымсыз желілердің осалдықтарын анықтау секілді іс-әрекеттерді жүргізу маңызды
болып табылады. Осындай тапсырмаларды шешу үшін көбінесе габаритті емес мобильді
жабдықты қолдану дұрыс шешімдердің бірі болып табылады. Сол себепті, бұл мақалада
мәселені шешудің бір жолы ретінде Kali Linux Nethunter-ді қалай орнату керек екендігі
қарастырылған. Сонымен қатар, онымен қалай жұмыс жасау қажет екені жайында
ақпараттар келтірілген.