Abstract:
Мақалада виртуалды және толықтырылған шындықты оқытудың көпфункционалды
ортасы ретінде пайдалану проблемалары туралы ғылыми және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге шолу нәтижелері келтірілген. Иммерсивті оқытудың негізгі
тұжырымдамаларын анықтау психологиялық-педагогикалық және технологиялық тәсілдер
тұрғысынан қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері иммерсивті технологиялардың білім беру саласында қолданудың үлкен болашағы мен бірқатар артықшылықтары бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге,алынған нәтежиелер иммерсивті технологиялардың адам денсаулығына, оқытуды ұйымдастырудың эргономикасына әсері бар екенін жоққа шығармайды.