Abstract:
Зерттелетін мәселенің өзектілігі зиянды программалар (ЗП) санының көбеюіне
тікелей байланысты. Бұл мақалада зиянды программалық жасақтаманы тарату әдістері және зиянды программалық жасақтаманың таралу жылдамдығына әсер ететін сипаттамалық белгілер зерттеліп, қарастырылады. Мақалада қолданылған материалдар негізінде әртүрлі әдістердің таралу жылдамдығына әсерін ескере отырып, зиянды программалардың таралу модельдері келтірілген.