Аннотации:
Осы мақаланың өзектілігі ГЭС құрылысы кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы инженерлік-техникалық іс-шараларды қарастыру. ГЭС құру кезінде жүзеге асыру болжанатын қажетті табиғатты қорғау іс-шаралары негізгі гидротехникалық құрылыстарға, ГЭС жоғарғы және төменгі бьефтеріне қатысты қамтыды және арнайы қоқыстан, су басқан және жүзетін заттардан тазарту, гидробионттардың (балық, планктон және басқа да су организмдерінің) тіршілік әрекетін қамтамасыз ету,төменгі бьефіндегі судың табиғи температуралық режимін сақтау бөлімдерінен тұрады.