Abstract:
«Thomson Reuters», «Scopus», «РИНЦ» ақпараттық компаниялардың дерекқорларына кіретін импакт факторы жоғары журналдарға мақала жариялау - отандық ғалымдардың алдында тұрған іргелі міндеттердің бірі. Себебі, жекелеген ғалымның шетелдік ғылыми журналда мақала жариялауының нәтижесінде сол ғалым қызмет атқаратын ұйымның беделі ғана емес, тұтас елдің әлемдік ғылыми рейтингтегі деңгейі де жоғарылай түседі. Осылайша ғылыми мақаланы жазу және оны импакт-факторы жоғары журналдарға жариялау үшін ең алдымен импакт-фактор ұғымын терең түсіну, қойылатын талаптарды жетік меңгеру - қазақстандық академиялық қауымдастықтың алдындағы өзекті міндеттер қатарына жатады.
Осы мақалада шетелдік рейтингтік онлайн журналдарға шыққан мақалалардың электронды таратылымын жетілдіру әдістемесі еліміздің заңнамалық, стратегиялық бағдарламалық құжаттарында бекітілген қағидалар мен әлемдік деңгейдегі ғылыми журнал редакцияларының талаптары ескеріле отырып әзірленді.