Аннотации:
Жоғары оқу орнының адамның психикалық дамуына, тұлғалық жетілуіне ықпалы
зор болады. Жоғары мектептегі кәсіби білім беру жағдайы студенттердің психикалық
әлемінің барлық қырларын дамытуға ықпал етеді. Яғни студенттік шақ адамның
жалпыпсихикалық дамуы жағынан қарқынды әлеуметтену, жоғары психикалық қызметтің
оптимумда даму, зияткерліктің барлық түрлерінің жоталану кезеңі болып табылады. Сол
себепті осындай маңызды мәселені зерттеу қазіргі өзектілігін жоғалтпаған тақырыптардың
бірі болып табылады. Мақалада жалпы студенттік кезең барысында тұлға бойында
қалыптасып, дамитын ерекшеліктері талданады. Осы уақытқа дейін студенттің жалпы
тұлғалық даму мәселесі жайлы зерттеген авторлардың еңбектеріне шолу жасалады.