Abstract:
Мақалада қазіргі әлемдегі тұрақсыз әрі қауіпті жағдайларды ескере отырып, экстремал журналистерді даярлау курстарының қажеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Табиғи және техногендік сипаттағы, әлеуметтік сипаттағы және әлемдік пандемияның нәтижесінде орын алған экстремалды жағдайларда қауіп-қатердің ортасында жүріп, шынайы ақпаратты жеткізу қажеттілігі туындағаны айтылады. Осы проблеманы шешу жолы ретінде біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру, сол арқылы экстремал журналистерді даярлауды ұсынады. Нақты тақырыптар қамтылады. Қауіпті аймақтан журналист ақпаратты тарату барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларын жан-жақты меңгерген маман болуы керектігі жазылады.