Аннотации:
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің қалыптасуы мен дамуы ғалым А.Байтұрсынұлының зерттеулерінен бастау алады. Ғалым тыныс белгілерінің түрлерін жіктеп, әрқайсысына қолданыс сипатына қарай атау береді. Тыныс белгілерінің жұмсалымы мен қызметін белгілейтін ережелер жүйесін ұсынады.
Мақалада А.Байтұрсынұлының қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметі, сөйлемдегі қолданысы туралы ғылыми көзқарастары сараланады. Ғалымның тыныс белгілеріне берген атаулары қазіргі қолданыста қалыптасқан тыныс белгі атауларымен салыстырыла талданады.
Жасалған талдаулар негізінде А.Байтұрсынұлының ұсынған тыныс белгілерінің басым бөлігінің қазіргі тіл жүйесінде қолданылатындығы анықталды. Бұл А.Байтұрсынұлының қазақ пунктуациясының негізін салушы ғалым ретіндегі орнын тағы да айқындай түседі.