Аннотации:
Кез-келген адам үшін қызықты болып табылатын тақырыптардың бірі ол өз есімінің шығу тарихын білу немесе ғылыми тілде айтатын болсақ, антропонимия. Аталған мақалада ономастиканың үлкен бөлімі ретінде қарастыралатын антропонимияға тоқталады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақ есімдерінің семантикалық базасының құрылымы жасалды. Құрылым бойынша есімдер шығу тегі қай елдің тілдерінен кіріккен екендігіне байланысты, сонымен қатар лексикалық мағынасына, өзіндік қасиеттеріне қарай топтастырылды.