Abstract:
Мақалада COVID-19 пандемиясының сын-қатерлеріне жауап ретінде дағдарысқа қарсы іс-шаралардың кең бағдарламасын жүргізу жағдайында 2020 жылы еліміздің банк жүйесінің жай-күйіне талдау жасалды. Банк қызметі ішкі және сыртқы факторлардан туындаған әртүрлі тәуекелдерге ұшырайды. Бұл әсіресе әлемдік қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында көрінді, бұл көптеген елдердің үкіметтерін дағдарысқа қарсы бағдарламаны әзірлеу арқылы одан тез шығудың жолдарын іздеуге мәжбүр етті.