Abstract:
Макроэкономикалық, оның ішінде пандемия мен геосаяси күйзелістердің пайда болуы банк секторының қаржылық тұрақтылығын бағалаудың сапалы құралдарын қолдану қажеттілігіне ерекше мән береді. Осы бағыт шеңберінде соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалау үдерісіне AQR және қадағалау стресс-тестілеуін біріктіру арқылы құралдар жиынтығын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді. Әлемдік тәжірибеде стресс-тестілеу тәуекелдерді басқарудың маңызды құралы болып табылады, оны банктер тәуекелдерді басқарудың ішкі тәжірибесінің бөлігі ретінде де және бүкіл банк секторының ықтимал күйзелістерге төзімділігін бағалау үшін қадағалау органдары да пайдаланады.