Abstract:
Қазіргі нарықтық экономикада бәсекелестіктің күшеюі, сондай-ақ сыртқы ортаның белгісіздігі мен динамикасы аясында әр кәсіпорын үшін басшылықтың қаржылық жағдайды талдауға қатынасын қайта қарау қажеттілігі туындайды. Әсіресе соңғы жылдары әлемдік дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Компаниялардың қаржылық жағдайын анықтау қаржы-экономикалық проблемалардың бірі болып табылады, өйткені жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық кәсіпорындарда өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін қаражаттың жетіспеуіне, төлем қабілеттілігін жоғалтуға және банкроттыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан фирмалардың тұрақты тиімді жұмыс істеуі олардың қызметін тиімді басқаруды талап етеді.