Abstract:
Аквапоника қондырғыларында бір рециркуляция жүйесінде
өсімдік және балық компоненттері бар. Қоректік заттарға бай балық суы
өсімдіктердің өсуі үшін қолданылады, ал өсімдіктер суды қалпына келтіру үшін
биофильтр ретінде қолданылады. Ғылыми әдебиет көздеріне жүргізілген
ауқымды зерттеу өсіру жағдайында аквапоника технологиясының техникалық
орындылығын көрсетті. Жылыжайда 60-тан астам түрлі дақылдар мен сорттар
сынауға болады. Аквапоника технологиясы бойынша әдебиетте ең жоғары
өнімділік нәтижелерін алуға болады деп айтылған. Жүргізілген әлемдік
зерттеулерге сәйкес, жыл сайын есептелген екі негізгі жылыжай дақылдарының
(қызанақ және қиярдың) дәстүрлі және гидропоникалық технологияға
негізделген коммерциялық жылыжай өндірісінен алынатын орташа өнімділік
деңгейінен асып түседі. Жаңа технологияның еліміз үшін әлеуеті зор. Сол
себепті аквапоника туралы ақпаратты, оның ішінде экологиялық аспектілерді
білім беру бағдарламалары арқылы тарату маңызды.