Abstract:
Мақалада «әзіл» категориясының ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде америкалық «Галактика сақшылары 2» фильміндегі әзіл-оспақ лексикасы алынды. Мақалада әзілдің анықтамасы, жіктелуі, Америка мен Қазақстандағы әзіл түсінігі туралы сөз қозғалады. Автор әзіл-оспақтың прагматикасын, барабарлығын толыққанды жеткізу үшін қолданылған әдіс-тәсілдерге талдау жасап, өз ұсыныстарын береді.