Abstract:
Берілген мақалада ізбе-із және ілеспе аударма жасауда түйінді рөл атқаратынауызша
аудармашының психологиялық негіздері қарастырылады. Қазіргі заманауи өмірде пәнаралық
зерттеулердің қарқын дамуымен психологиялық бағыт ең өзекті және перспективті болып есептеледі.
Мақалада аудару дағдының дифференциалды-психологиялық аспектілері тілдік қабілеттің құрамдас
бөлігі ретінде баяндалады. Ізбе-із және ілеспе ауызша аударма түрлеріне анықтама беріліп, олардың
басты өзгешеліктері анықталады. Сонымен қатар, психология зерттейтін үдерістер мен ауызша аударманы іске асыру үшін қажетті үдерістерді салыстырылуға шолу жасалған. Мақалада берілген ақпарат алдағы зерттеулерге де, сонымен қатар келешек ауызша аудармашыларды даярлау кезінде оқу құралы ретінде де қолданыла алады.