Аннотации:
Осы мақалада жазбаша мәтіннің Google және Яндекс аударма жүйелерімен қазақ
тіліне аударылуы қарастырылады. Шыққан қазақша нұсқалары кәсіби аудармашылармен «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша орындалған Стивен Пинкердің «Тіл – инстинкт» оқулығының аудармасымен салыстырылады. Екі түрлі машиналық аударма жүйесінің жұмыс сапасы мен аударма ісіндегі әлеуеті бағаланады.