Abstract:
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң
жүзінде қалыптасуының бекітілген кездері бар ақша ресурстарының жиын-тығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс корлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік цорлар
қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейіде, ал өңірлік қорлар
өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар[1].