Abstract:
Мақалада бүгінгі күні, әлемді жайлап отырған Covid-19 жұқпалы індетінің таралуына байланысты, күтпеген жерден өте үлкен, кезек күттірмей шешімін табуды қажет ететін көптеген күрделі мәселелер туындауда. Аталған мәселелерді шешу жолында білім беру саласы бойынша онлайн режимінде сабақ беруді жаппай енгізіп жатқаны белгілі, оқып та жатырмыз, ал біздің зерттеу жұмысымызда қоғамда күнделікті тұтынуға қажетті тұрмыстық заттар сатылатын дүкендерді автоматтандыру қажеттігінен туындаған мәселелерді қарастыру жолдары беріледі. Жоғарыда аталған маңызды мәселелерді шешуге септігін тигізер деген үмітпен, осы мақалада, біз электрондық сауданы онлайн режимінде, яғни қашықтан қалай жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді шешу жолдарын ұсынамыз.