Abstract:
Камералдық бақылаудың құқықтық ережелері «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңдарында бекітілген. Аталған заңдардың негізгі ережелерімен камералдық
бақылауды аудитор кабинеттен шықпай және объектіге бармай-ақ, ақпараттық
жүйелерді қолдану арқылы қашықтықтан жүргізеді деп бекітілген. Нәтижесінде
бұл жаңалықтар бақылау объектілеріне әкімшілік жүктеменің төмендеуіне,
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және тексеруші
маманның мемлекеттік аудит объектісімен тікелей байланысу мүмкіндігін
болдырмауға әкелді.