Abstract:
Бұл жобада мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетінің
мәні мен ерекшелігін түсінудің негізгі тәсілдері көрсетілген. Мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби мәдениеті, әлеуметтік сұраныс бола отырып, олардың
кәсібилігінің қажетті шарты болып табылады. Бюрократия субмәдениетінің
негізінде басқарушылық еңбек мәдениеті, кәсіби білім мен құндылықтар,
мемлекеттік қызметтегі кәсіби қызметті реттейтін үлгілер мен нормалар
түріндегі құзыреттілік деңгейі жатыр.