Abstract:
Қазіргі кезде цифрлық форматтағы этносаралық қарым-қатынас тілі
ретінде қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру және қызметін кеңейту бойынша
ғылыми-лингвистикалық негіздер мен IТ-ресурстарды әзірлеу өзекті мәселе болып
табылады. Сол мәселені шешу үшін орындалып жатқан №BR11765535 грант
аясында Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және оның еңбектері бойынша
барлық құрылымдық қабаттары бар жаңа білім жүйесінен құралған цифрланған
материалдарды қосатын «Ахметтану» интеллектуалдық жүйесі әзірленіп жатыр.
Мақалада аталған интеллектуалдық жүйеге негіз болатын Ахмет Байтұрсынұлының
еңбектері бойынша тілдің құрылымдық деңгейлерінің білімдер базасы негізінде, оның
ішінде дыбыс жүйесі мысалында әзірленген онтологиялық моделдеу сипатталған.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша тілдің дыбыстық жүйесін қолданбалы
онтологиялық моделдеу үшін Protégé редакторы қолданылды. Зерттеу нысанына
алынған еңбектердегі дыбыс жүйесінің онтологиялық моделі класстардан (түсініктер),
олардың қасиеттері мен жеке үлгі даналардан (индивид) тұрады. Табиғи тілді
өңдейтін әр түрлі интеллектуалды ақпараттық жүйелер үшін қазақ тілінің ғылымилингвистикалық негіздері бөлігінде жаңа нәтижелер Қазақстанда ақпараттықкоммуникациялық технологиялар және қазақ тілінің цифрлану саласының дамуына
тікелей әсер етеді.