Abstract:
Мақала Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи топонимияны зерттеу
бағыттарына арналған. Топонимия жалқы есімдердің құрамына жататындықтан,
тіл білімінің нысаны болып саналғанмен, онымен шектесетін ғылым салаларының
да өзіндік орны үлкен. Топонимдерді тіл білімінің нысаны тұрғысынан зерттегенде
құрылымдық жүйесі, этимологиялық негіздері, шығу уәждері т.б. лингвистикалық
ерекшелігіне назар аударылады, алайда бұлай болғанда белгілі бір атаумен аталып тұрған
нысанның пайда болу дәуірі, мағынасындағы тарихи мәліметтер және географиялық
нысанның сипаты, тұрған орны, өзге нысандармен арақатынасы т.б. секілді мағынамен
бірге қамтылып тұратын ақпараттар назардан тыс қалады. Осы мәселелер ескеріле
отырып, мақалада кешенді зерттеу әдістері басшылыққа алынды. Лингвистикалық,
тарихи, географиялық зерттеу бағыттары кешенді зерттеудің компоненттері
ретінде қарастырылды, өйткені топонимика осы үш саланың тоғысатын жерінде
пайда болған ғылым. Топонимдердің табиғатындағы осы ерекшелік ескеріле отырып,
Жібек жолы бойындағы тарихи топонимдер тарихи-лингвистикалық, лингвогеографиялық және лингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Мақалада талдауға
алынған топонимдер архив құжаттары мен халық қолданысында ауызша жеткен
деректерден алынды.