Abstract:
Мақалада қазiргi замаңда көкейкестi мәселелердiң бiрi жол кептелiстерiмен
күресуге арналған құрылғы мобильдi жол өтпесi ұсынылған. Мобильдi жол өтпелерi
қоршаған ортаны жақсартып, экономикалық тиiмдiлiктi арттырады. Мобильдi жол өтпесi
құрылымының сипаттамалары, бөлшектерi аталған. Оңтайлы ұзындығы көрсетiлген.
Жол өтпенiң элементтерi соңғы айырымдар және соңғы элементтер арқылы жасалған
есептеулер салыстырылған. Мобильдi жол өтпесi құрылымы берiктiкке, орнықтылыққа
және тұрақтылыққа жұмыс жасайтыны қорытындыланған. Мобильдi жол өтпесiнiң кеңiстiк
қаңқасы аналитикалық орын ауыстыру әдiсiмен есептелген. Мақалада негiзгi көңiл мобильдi
жол өтпесiнiң туреулерiне аса назар аударған. Сонымен қатар, мобильдi жол өтпесiнiң
тiреулерi серпiмдi ортада жұмыс жасауы үшiн тiреудiң табанын кертiктерi бар резеңкемен
қаптау ұсынылған. Тiреулер асфальтбетон бетiн деформацияламау үшiн тiреулердiң
математикалық үлгiсi дифференциалдау арқылы есептелiп, зерттелген.