Abstract:
Жаһандану, дәстүрлердің жойылуы, глокализация, детерриторизация, даралану
(индивидуализация), медиатизация тәрізді ұғымдар қазіргі қоғамда мәдениет пен коммуникацияны
өзгертуші әлеуметтік үдеріс ретінде трендке айналуда. Мақалада авторлар медиатизация терминіне
кеңінен тоқталып, осы теорияға жан-жақты түсінік береді. Сондай-ақ, медиатизацияны қоғамдағы
әлеуметтік және мәдени дәстүрлердегі өзгерістердің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады.