Abstract:
Бұл мақала физика пәнін оқытуда функционалдық сауаттылық ұғымын ұштастыру
арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптасырудың жолдары көрсетіледі.Қазіргі білім беру жүйесінің алға қойған мақсаты-әрбір оқушыны өзінің оқу іс-әрекетін саналы және шығармашылықпен басқаруға,оқу ақпаратының қарқынды ағынын бағдарлауға және оның қызметінің таптырмас алғышарты,құралы және нәтижесі болып табылатын білімді өз бетінше
алуға үйрету болып табылады.Яғни,үздіксіз білім беру жүйесінде қалыптасқан білім-оқу процесінде оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мәселесін шешу,әрбір
мұғалімнің,соның ішінде жаратылыстану пәні мұғалімінің басты міндеттерінің бірі.Бұл
жұмыстар болашақта оқушылардың физика пәнінен алған білімдері өмірде қолдануға мүмкіндік бере алатындығы туралы жазылған.