Abstract:
Тарихи-мәдени мұра туризмді ұйымдастыру мен тұрақты дамытудың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи-мәдени әлеуетті іске асырудың маңызы зор, өйткені ол мемлекеттің әлемдік қоғамда танылуына жұмыс істейді. Еліміз өзінің ғасырлар бойғы тарихы мен ежелгі мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары арқылы әлем алдында танылатын және әлемнің әртүрлі елдерінен туристерді тартатын керемет ел. Айта кету керек, соңғы жылдары еліміздің танымдық туризм бойынша туристік тартымдылығына қызығушылық артты, бұл біздің еліміздің мәдени мұрасымен байланысты. Тарихи-мәдени мұра-қоғам өмірінің өнімі болып саналатын тарихи және мәдени құндылықтарды жандандыру арқылы туризмнің тұрақты дамуына әсерін тигізетіндігі тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Осылайша, еліміздің туризмінің тұрақты даму мәселесін шешуде қазақ халқының мәдени мұрасын мәдени-танымдық, діни, тұрақты және экологиялық туризмді ұйымдастыру арқылы туристік бағыттарды дамытудың негізгі ресурсы деп санауға болады. Туризмнің бұл түрлері елдің тарихи-мәдени әлеуетін пайдалануды білдіреді. Мақалада, туристік дестинация ұғымына анықтама беріліп, жіктеліміне сипаттама беріп, дестинацияға жататын туристік ресурстарды оның ішінде мәдени мұралардың рөлін айқындау.