Abstract:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудиттің нормативтік-құқықтық реттелуінің екінші деңгейі, яғни мемлекеттік аудиттегі стандарттар жүйесі, оның
ішінде халықаралық және отандық стандарттары қарастырылған. Жаһандану жағдайын ескере отырып жаңадан қалыптасып келе жатқан отандық стандарттар жүйесінің халықаралық стандарттар
талаптарына сәйкестендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті, бұл мақалада
отандық стандарттар жүйесінің бүгінгі күні нақты қолданыстағы бар стандарттары анықталып,
мемлекеттік аудиттің отандық стандарттарының халықаралық тәжірибеге негізделген ISSAI стандарттарымен интеграциялау деңгейлері қамтылған.